Фармация саласы бойынша дәрістер циклі

2025 жылдың 18–20 қараша күндері №7 оқу корпусында, №4 аудиторияда сағат 11:00-де Фармация мамандығы студенттеріне арналған дәрістер циклі өткізілді.
Іс-шара барысында студенттер фармацевтикалық бөлшек сауда желісінің қызметін ұйымдастыру, дәріхананың құрылымы мен ашылу талаптары, рецептсіз және рецепт бойынша босатылатын дәрілік заттардың тәртібі, сондай-ақ рецептті-өндірістік бөлімнің жұмысын жүргізу мәселелері бойынша жан-жақты мәлімет алды.
Дәріс тақырыптары:
1. Фармацевтикалық бөлшек сауда желісінің қызметін ұйымдастыру және регламенттеу. Дәріханаларды орналастыру принциптері, ашылу тәртібі, құрылымы, үй-жайлары мен штаты.
2. Дәріханалардың жалпы жұмыс қағидалары. Дәрілік құралдардың рецептсіз босатылуын ұйымдастыру.
3. Рецепт бойынша дәрілік заттарды босатуды ұйымдастыру және регламенттеу. Рецепт қабылдау және дәрілік препараттарды беру тәртібі. Рецептті-өндірістік бөлімнің жұмысын ұйымдастыру. Рецептура есебі.
Дәрістерді PhD, қауымдастырылған профессор Тлеубаева Меруерт Ильясовна және PhD, ғылыми атағы жоқ қауымдастырылған профессор Аширов Мурат Зулпидинович жүргізді.
Дәрістерге 6В10104 – «Фармация» БББ 3–4 курс студенттері, сондай-ақ В085 – «Фармация» бағдарламасының 1–2 курс жеделдетілген оқыту бөлімінің білім алушылары қатысты.