Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасында 20.02.2018, 27.02.2018 және 06.03.2018 күндері кафедра мұғалімдері Кантуреева А.М., Муканова А.Б., Әбілқасымова Ә.М. жетекшілігімен «Фармация» мамандығы бойынша 2,4 курс студенттермен «ҚР тұрғындарын фармацевтикалық қамтамасыз ету негіздері», «Фармациядағы заманауи ақпараттық технологиялар» пәні бойынша және ФӨТ мамандығы бойынша «Фармацевтикалық өндірістегі маркетинг және менеджмент» пәні бойынша ашық сабақтар өткізілді. Практикалық сабақтың тақырыптары: «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу және басқару. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтаудың даму принциптері.Денсаулық сақтау жүйесінің құрылымы», «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне интеграцияланған қолданыстағы ақпараттық жүйелерді шолу: фармацевтика секторындағы ақпараттық технологиялардың даму жағдайы мен перспективалары», «Маркетингтік зерттеу және ақпарат. Фармацевтикалық кәсіпорындарда маркетингтік ақпараттың қалыптасу принципі».
Студенттердің өткен сабақтарда алған білімдерін қорытындылай отырып, тақырыпқа байланысты тапсырмалар беру арқылы білімдерін тексеру, бағалау жүргізілді. Сабақ барысында тақырыптың негізгі сұрақтары талқыланып, жеке тұлғаның бойындағы талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту шаралары іске асты. Оқушылардың білімге қызығушылығын арттыруда ұйымшылдыққа тәрбиелеуде төмендегі сабақ түрлері – сайыс, жарыс сабағы, интегративтік сабақтар түрінде өткізілді.