Өндірістік практика шеңберінде «Фармацевтикалық өнеркәсіпті жобалау мен жабдықтау» тақырыбына мастер-класс

08.02.2023 14.00-15.00 аралығында Инженерлік пәндер және тиісті практикалар кафедрасының лекторы Омаркулова Н.С. “Дәрілік заттардың өнеркәсіптік технологиясы” өндірістік практика шеңберінде “Фармацевтикалық өндіріс технологиясы” мамандығының 4 курс студенттеріне мастер-класс өткізді. Тақырып: «Фармацевтикалық өнеркәсіпті жобалау мен жабдықтау». Омаркулова Н.С. материалында химия өндірісінің кәсіпорындарын жобалау негіздері мен оның құралдарына қатысты жүйелі түрде жүргізілетін кешенді жұмыстардың реттілігі мен орындалу ерекшеліктері туралы мәліметтер берілді.