«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті» мен «Медициналық университет Астана» (МУА) серіктес университеттері арасындағы жемісті ынтымақтастық жалғасуда.
Біздің елдеріміздің университеттері арасында академиялық ынтымақтастықты қалыптастыру және дамыту, қазіргі заманғы медицина мен фармацевтика саласында жоғары білікті мамандар даярлау бойынша алдыңғы қатарлы тәжірибе алмасу мақсатында, «ҚазҰМУ» меморандум аясында «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша келесі оқытушыларды 2024-2025 оқу жылының күзгі семестрінде 18.11.2024 – 29.11.2024 аралығында 2-курс студенттеріне «Дәрілер технология негіздері» және 3-курс студенттеріне «Дәрілік қалыптар технологиясы» пәндерінен оқытуға жіберді:
- Молдир Алибековна Жандабаева – PhD, фармацевтикалық технология кафедрасының атағы жоқ асс. профессоры;
- Урзия Сүннатуллаевна Алимова – PhD, фармацевтикалық технология кафедрасының атағы жоқ асс. профессоры.
Академиялық мобильділікті аяқтағаннан кейін М.А. Жандабаева мен У.С. Алимова НАО «Медициналық университет Астана» тарапынан сертификат алды.
Бұл формадағы ынтымақтастық серіктес университеттер арасында фармацевтикалық білім беру саласындағы интеграцияны кеңейтуге, әдістемелік тәжірибе алмасуға және педагогикалық құзыреттілікті жетілдіруге мүмкіндік береді.