Академиялық адалдық мәдениеті

Фармацевтикалық технология кафедрасының ассистенті Шуленова Гаухар Кайратбеккызы 26.09.2023 жылы 2 курс ТФП 22-031 тобымен «С. Ж. Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университеті білім алушысының Академиялық адалдық Кодексі» тақырыбына кураторлық сабақ өткізді.

Кодекстің мақсаты әлемдік стандарттарға сәйкес қазақстандық жоғары медициналық білім берудің сапасын қамтамасыз ету, оның тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Академиялық тапсырмаларды адал орындай отырып, білім алушылар жаңа және инновациялық идеяларды қалыптастыру арқылы білім мен мәдениеттің қажетті деңгейін қамтамасыз ете отырып, білім беру мекемесінің іргелі құндылықтарының бірлігін қолдайды.

Студенттер университетіміздің Кодексімен танысып, танысу парағына қол қойды.