Болашақ бүгіннен басталады

Қараша айының 1 жұлдызында «Өндіріс шығындары» атты тақырыпта оқытушыА.Ж.Жартаеваның өткізген семинар сабағына «Денсаулық сақтау және фармациядағы экономика» модулініңұстаздары қатысты. Бұндай шара жас мұғалімдердің оқыту үдерісін кеңейту, біліктілігін арттыру, білім аясын ұлғайту және ұстаздық шеберлігін шыңдау мақсатында ұйымдастырылуда.Сабақ аяқталған соң, жас ұстаздың сабағы бағаланып, ақыл-кеңес айтылды.

ЖМ-18 студенттері сабаққа белсенді түрде қатысты.Сабақ кіші топтармен жұмыс жасау әдісімен жүргізілді. Студенттер төрт топқа бөлінді

  1. Баяндаушылар
  2. Схематиктер
  3. Глоссарийлар
  4. Бағалаушылар

Сабақ аяқталғаннан соң, модуль оқытушылары сабақтың өту барысын талқыға салды. Ол бойынша модуль оқытушылары Ж.Ж.Жуматай,М.А. Каликов «Сабақ өз деңгейінде өтті, оқытушы уақытты тиімді пайдалана білді және тақырып ауқымды болды деп өту барысына жақсы пікірлерін білдірді.

 

БАҚ-қа жауапты ЖартаеваА.Ж.

20131101_100918 20131101_100719 20131101_094833 20131101_093152 20131101_092818 20131101_092345 20131101_091714 20131101_092453