Өнер арқылы шабыт: «Фармация» білім беру бағдарламасының студенттері Almaty Museum of Arts музейінде болды

2025 жылдың 13 қарашасында «Тәрбиелік және мәдени-ағартушылық жұмыс» аясында «Фармация» білім беру бағдарламасының 5 курс білім алушылары аға куратор Муканова Арайлым Бейбитқызының жетекшілігімен Almaty Museum of Arts музейіне барды.

Экскурсия студенттерге заманауи өнер әлемін тереңірек танып-білуге мүмкіндік беріп, шығармашылық пен шабыт атмосферасын сезінуге жол ашты. Болашақ фармацевтер әртүрлі көркемдік бағыттармен, стильдермен және идеялармен танысып, өнердің адамға жаңа ой тудырып, креативті көзқарас қалыптастыратынын байқады.

Музейге бару студенттердің эстетикалық талғамын, байқағыштығын, ұқыптылығын және креативті ойлау қабілетін дамытуға ықпал етті — бұл қасиеттер фармацевтика саласының мамандары үшін аса маңызды.

Осындай мәдени шаралар студенттердің жан-жақты дамуына, ғылыми ойлау мен рухани және көркем қабылдауды ұштастыруға мүмкіндік береді.