Профессор Эрдоган Илкай Орхан «Визитинг-профессор» бағдарламасы бойынша іс-сапары

 

2024 жылдың 6 мамыры мен 18 мамыры аралығында университеттің «Визитинг-профессор» бағдарламасы аясында Гази университеті ректорының кеңесшісі (Анкара, Түркия), фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Эрдоган Илкай Орхан инженерлік пәндер және тиісті практикалар кафедрасына келді.

Ердоган Илкай Орхан 1993 жылы Гази университетін (Анкара, Түркия) фармацевтика мамандығы бойынша бітірген және халықаралық журналдарда жарияланған 280-нен астам жұмыстың, 21 кітап пен оқу-әдістемелік құралдардың, 4 монографияның авторы (және бірлескен авторы). h индекс- 49 (WoS) және 58 (Scopus).

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде, профессор Ердоған Илкай Орхан күн сайын сағат 09.00-15.00 аралығында №2 корпус 116 кабинетте «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының студенттеріне «GxP шеңберінде дәрілік заттардың сапасын қамтамасыз ету тұжырымдамасы» пәні бойынша дәріс оқыды.