2024 жылдың 11 сәуірі мен 2 мамыры аралығында университетке визитинг-профессор бағдарламасы аясында Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасына Фармация институты директорының оқу қызметі жөніндегі орынбасары, Қазан мемлекеттік медицина университетінің фармацевтикалық кеңес беру зертханасының меңгерушісі, Қазан қ., Татарстан Республикасы, ғылым және техника саласындағы Татарстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Егорова Светлана Николаевна келеді.
С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Фармация мектебінде, профессор Егорова С.Н. «Фармация» мамандығының студенттері үшін «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеу» пәні бойынша тәжірибелік сабақтар мен Фармация мектебінің магистранттары, докторанттары мен оқытушылар құрамы үшін шеберлік сабақтарын өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ Фармация мектебінің «Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтары бойынша магистранттар мен докторанттардың диссертациялары бойынша күнделікті консультациялар өткізіледі.