Тәрбие жұмыстары

Тәрбие жұмысы жалпы оқу процесінің құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Академиялық топтардағы тәрбие сағаттарында студенттердің қоғамдық өміріне тікелей қатысы бар мәселелер қарастырылады: ішкі тәртіп ережелері, ел өміріндегі айтулы оқиғалар, салауатты өмір салтын насихаттау, сабақ үлгерімін талдау, ЖОО тәрбие жұмысының жоспарына және топтық жұмысқа сәйкес мерекелік іс-шараларды дайындау.

Эдвайзерлер құқықтық тәрбие саласында белсенді жұмыс жүргізу бағыттары: Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары, Мемлекеттік бағдарламалар және басқа да құжаттар талқыланады. Сондай ақ: «Саналы ұрпақ», «Академическая чесность», «Болашаққа бағдар, рухани жаңғырту» және басқа да бағдар бойынша кураторлық сағаттар жүргізіп отырады.

 

Наурызнама-2024

 

Инженерлік пәндер және тиісті практикалар кафедрасының оқытушылары мен Фармация мектебінің студенттері “Наурызнама-2024” мерекелік онкүндік іш-шараларын өткізуде.

Мақсаты – көне мерекенің бастапқы мәнін қайтарып, оның қыр-сырын толық ашу.

Бұл онкүндік төл мерекемізді тойлаудың жаңа дәстүрлерін қалыптастыруға, ең жақсы адами қасиеттерді – ашықтықты, шынайылықты, жауаптылықты, қайырымдылықты ашуға бағытталған.

Осылайша әр күнге жоспарланған ауқымды шаралар «Наурыз» мерекесін өнегелі бастамалар арқылы жалпыхалықтық мейрамға айналдыруда, халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтуға септігін тигізеді.

Іс-шараның жоспары:

  • 14-Наурыз Көрісу күні
  • 15-Наурыз Ұлттық киімдер флешмобы
  • 14-18 Наурыз Тілге құрмет-Елге құрмет
  • 18 Наурыз Бауырсақ күні
  • 14-19 Наурыз Жеті атаңды білесің бе? (Студенттерге арналеан сұхбат жүргізу)
  • 19 Наурыз Ұлттық спорт күні
  • 20 Наурыз Ұлттық билер күні
  • 21 Тазалық денсаулық кепілі
  • 22 Наурыз “НАУРЫЗ – ЖЫЛ БАСЫ”

Студенттер университетте және одан тыс жерлерде өткізілетін түрлі мәдени және спорттық іс-шараларға қатысады. Театрлар мен мұражайларға бару ұйымдастырылған.

Кафедраның тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес жыл сайын түрлі іс-шаралар өткізіледі: дөңгелек үстелдер, конференциялар, олимпиадалар, кездесулер және т. б.