«С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ «Фармация» БББ 4-курс студенттері Алимжанова Камилла Армановна және Муханова Камила Азаматқызы фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының оқытушысы Масакбаев Абай Жолдасұлының жетекшілігімен «Фармацевтикалық химия» пәні бойынша Бүкілресейлік олимпиадаға қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша білім алушылар 1-орынды иеленіп, жоғары теориялық дайындық пен практикалық дағдыларын көрсетті. Қол жеткізілген нәтиже олардың кәсіби құзыреттілігі мен ғылыми әлеуетінің жоғары деңгейін дәлелдейді.
«С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ «Фармация» БББ 4-курс студенті Жуман Жамиля Болатқызы фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының оқытушысы Масакбаев Абай Жолдасұлының жетекшілігімен «Дәрілік заттардың сапасын бақылау» пәні бойынша Бүкілресейлік олимпиадаға қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша 1-орынды иеленіп, дәрілік заттардың сапасын стандарттау және бағалау саласында терең білімін көрсетті. Нәтиже оның жоғары дайындық деңгейін және алған білімін тәжірибеде қолдана алу қабілетін айқындайды.


