Фармация мектебінің журнал клубының шолу мақаласын және Prisma құралдарын талдауға арналған кездесуі

2025 жылғы 14 қарашада сағат 16:00-де №2 оқу ғимаратының 138-дәрісханасында Фармация мектебінің журнал клубының кезекті кездесуі өтті. Бұл кездесу шолу мақаласын талқылауға және жүйелі әдебиет шолуының кезеңдерін практикалық талдауға арналды.

Негізгі назар зерттеулерді қосу және алып тастау критерийлерін қалыптастыруға, деректерді іздеу және талдау әдістерін таңдауға, сондай-ақ PRISMA бақылау парақтары (чек-листтері) мен диаграммаларының құрылымына аударылды.

Кездесу барысында қатысушылар PRISMA әдіснамасын кезең-кезеңімен талдады: зерттеу мақсатын тұжырымдау тәсілдері, жарияланымдарды іріктеу критерийлерін әзірлеу, әдебиетті іздеу үшін тиісті ғылыми-метрикалық деректер базасын таңдау және іздеу стратегиясын ресімдеу ережелері талқыланды.

Практикалық блок PRISMA бақылау парақтарымен жұмыс істеуге және жарияланымдарды іріктеу барысын көрсететін диаграмманы құруға арналды. Қатысушылар диаграмманы құрастырудағы жиі кездесетін қателерді, оның бөлімдерін түсіндіру ерекшеліктерін және шолу мақалаларының сапасын арттыру үшін дереккөздерді іріктеу процесін ашық сипаттаудың маңызын қарастырды.

Кездесуге жас ғалымдар, магистранттар және “ФӨТ” білім беру бағдарламасы бойынша бітіруші курс студенттері қатысты. Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар алған білімдерінің халықаралық PRISMA стандарттарына сүйене отырып, шолу және жүйелі зерттеулерді жоспарлауға және жүргізуге көмектесетінін атап өтті.