С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті мен Орталық Азия халықаралық медицина университеті арасындағы академиялық ынтымақтастық туралы меморандум негізінде ҚазҰМУ-дың «Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация» кафедрасының оқытушылары — PhD, қауымдастырылған профессор Тлеубаева Меруерт Ильясовна және PhD, лектор Муканова Арайлым Бейбитқызы 2025 жылғы 14–17 мамыр аралығында (оффлайн), сондай-ақ 19–28 мамыр аралығында (онлайн) академиялық ұтқырлық шеңберінде Орталық Азия халықаралық медицина университетінің (Қырғыз Республикасы, Жалал-Абад қ.) фармация кафедрасында «Фармация» мамандығының 3–4 курс студенттеріне дәрістер оқып, практикалық сабақтар өткізді.