2023 жылдың 8-9 желтоқсанында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жанындағы 6D110400, 8D10102, 8D140 – «Фармация», 6D074800, 8D07201, 8D119 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтары бойынша Диссертациялық кеңесте философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін 3 докторлық диссертация қорғалды. Қорғауға ұсынылған барлық үш диссертация С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Фармация мектебінің базасында орындалды. Қорғау онлайн және офлайн форматтарда сәтті өтті.
Кеңестің төрағасы университет проректоры, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор, Убайдулла Махамбетұлы Датхаев.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері жетекші қазақстандық және шетелдік ғалымдар: Махатов Б.К.— фарм.ғ.д., профессор, ҚазҰЖҒА академигі, «Үздіксіз кәсіптік дамыту орталығы» ЖШС директоры, (Шымкент қ., ҚР); Сагиндыкова Б.А. – фарм.ғ.д., профессор, «Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы» АҚ дәрілер технологиясы кафедрасының меңгерушісі, (Шымкент қ., ҚР); Шертаева К.Д. – фарм.ғ.д., профессор, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасының меңгерушісі, (Шымкент қ., ҚР); Молохова Е.А. – фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор, Пермь мемлекеттік фармацевтикалық академиясы, Биотехнология курсымен дәрілік заттардың өндірістік технологиясы кафедрасы (Пермь қ., РФ), Кисличенко В.С. – фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық фармацевтикалық университет (Харьков қ., Украина), Катаев В. А. – фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Башқұрт мемлекеттік медицина университетінде (Уфа қ., РФ) қосымша кәсіптік білім беру институтының Фармация кафедрасының меңгерушісі, диссертацияны онлайн және офлайн форматта талқылауға белсенді қатысты.
Ұсынылған жұмыстар заманауи зерттеу әдістерін қолдана отырып, өзекті тақырыптарда орындалды. Докторлық жұмыстарды талқылау сындарлы және іскерлік жағдайда өтті.
«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ жанындағы жоғарыда аталған «Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтары бойынша диссертациялық кеңестің жариялы қорғау, ғылыми пікірталас, жасырын дауыс беру нәтижелері бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы шешім қабылданды.
Әріптестерімізді философия докторы PhD дәрежесін алу үшін докторлық диссертацияларын сәтті қорғауымен құттықтаймыз:
- Койлыбаева Молдир Кудайбергеновна. Жұмыс тақырыбы: «Пробиотигі бар коллагенді мембрананы алу технологиясы, биологиялық зерттеу және стандарттау» (6D110400 – «Фармация» мамандығы бойынша, ҚазҰМУ, Алматы қ.).
- Рахымбаев Нұрғали Аманбайұлы. Жұмыс тақырыбы: «Сасық қурай (Ferula asafoetida L.) экстракты негізінде дәрілік қалып алудың фармакогностикалық және технологиялық аспектілері» (6D074800 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша, ҚазҰМУ, Алматы қ.)
- Арыкбаева Алия Бахыткызы. Жұмыс тақырыбы: «Фармацевтические и фармакологические исследования синеголовника плосколистного (Eryngium planum L.) и лекарственных препаратов на его основе» (6D074800 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша, ҚазҰМУ, Алматы қ.)