13 ақпан күні сағат 16:00-де С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Фармация мектебінің Фитотекасында «Ғылыми мақалаларды сыни талдау» тақырыбында Журнальный клуб отырысы өтті.
Кездесуге фармация, медицина және биотехнология салаларында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін студенттер, магистранттар, докторанттар және жас оқытушылар қатысты.
Талқылау ғылыми жарияланымдарды сыни бағалаудың практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. Сараптамалық оқудың негізгі критерийлері қарастырылды: зерттеу сұрағы мен гипотезаны дұрыс қою, зерттеу дизайнының қойылған міндеттерге сәйкестігі, материалдар мен әдістерді сипаттаудың толықтығы, статистикалық өңдеудің негізділігі, нәтижелерді дұрыс интерпретациялау және авторлар қорытындыларының логикасы.
Практикалық бөлім құрылымдалған сыни талдау үлгісі бойынша жарияланымдарды талдауды қамтыды: күшті жақтары мен жақсартуды қажет ететін тұстарын анықтау, авторларға сұрақтар әзірлеу, дәлелділікті күшейту бойынша ұсынымдар дайындау. Отырыс рецензияланатын ғылыми журналдарда жариялауға арналған шолулық және түпнұсқа мақалаларды әзірлеуге қажетті құзыреттерді дамытуға ықпал етті.


