26 ақпанда С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Фармация мектебінде Журнал клубының кезекті отырысы өтті.
Журнал клубының жұмысына фармация, медицина және биотехнология салаларында ғылыми-зерттеу қызметімен айналысатын студенттер, магистранттар, докторанттар және жас оқытушылар қатысты.
Отырыс аясында қатысушылар ғылыми жарияланымдарды сыни талдау тәсілдерін талқылап, зерттеу жұмыстарын сараптамалық бағалаудың негізгі кезеңдерін қарастырды. Мақалаға сыни талдауды 1-курс докторанты Сабырова Аружан ұсынды. Баяндама барысында зерттеудің мақсаты мен гипотезасы, жұмыс дизайны, әдіснамасы, статистикалық өңдеу, нәтижелерді интерпретациялау, авторлар қорытындыларының негізділігі және зерттеудің шектеулері қарастырылды.
Кездесу барысында ғылыми мақаланың құрылымы, нәтижелерді ұсыну логикасы, ғылыми деректерді талдаудың дұрыстығы, сондай-ақ жеке жарияланымдарды дайындау және зерттеу жобаларын орындау кезіндегі дәлелді тәсілдің маңызы да талқыланды.
Журнал клубының отырысы кәсіби қарым-қатынас, пікір алмасу және ғылыми пікірталас дағдыларын дамыту алаңына айналды. Осындай кездесулерді өткізу зерттеушілік мәдениетті қалыптастыруға, сыни ойлауды дамытуға және білім алушылар мен жас оқытушылардың академиялық құзыреттерін жетілдіруге ықпал етеді.


