2025 жылғы 21 маусымда С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті жанындағы 6D110400, 8D10102, 8D140 – «Фармация», 6D074800, 8D07201, 8D119 – «Фармацевтикалық өндipic технологиясы» мамандықтары бойынша Диссертациялық кеңестің 6D074800 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша PhD докторант Сауле Оразмұханқызы Орынбекованың «Адонис (Adonis L.) тұқымдасының кейбір түрлерінен фитосубстанциялар алудың теориялық және тәжірибелік аспектілері» тақырыбындағы диссертациялық жұмысының қорғауы жоғары ғылыми-академиялық деңгейде өтті.
Диссертациялық кеңес төрағасы, профессор Убайдилла Махамбетович Датхаев отырыс барысында кәсіби әрі достық атмосфера орнатып, ашық пікірталас пен сындарлы ғылыми диалогқа мүмкіндік жасай білді. Осының нәтижесінде қорғау сәтті және мазмұнды өтті.
Ғылыми кеңесшілері:
– фарм.ғ.д., профессор Сакипова Зуриядда Бектемировна,
– ҚР ҰҒА академигі, м.ғ.д., профессор Нургожин Талгат Сейтжанович,
– PhD, қауым. профессор Fabio Boylan (Trinity College Dublin, Ирландия).
Қорғауға диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері мен ресми рецензенттер ретінде белгілі шетелдік және отандық ғалымдар қатысты.
Диссертациялық кеңестің бірауыздан қабылдаған шешімімен Сауле Оразмұханқызына PhD философия докторы дәрежесін беру ұсынылды.
Ізденушіні және оның ғылыми жетекшілерін шын жүректен құттықтай отырып, алдағы ғылыми қызметінде жаңа табыстар мен сәттіліктер тілейміз!