2025 жылғы 15 наурызда С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жанындағы , , 8D140- «Фармация», , мамандықтары бойынша диссертациялық кеңесте философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін 2 докторлық диссертация қорғалды. Қорғауға ұсынылған екі диссертация да С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰУ-дағы Фармация мектебінің базасында орындалды. Қорғаулар онлайн және оффлайн форматтарда сәтті өтті.
PhD докторлық диссертациясын сәтті қорғау ізденуші, оның ғылыми жетекшілері, туыстары мен жақындары үшін маңызды өмірлік кезең болып табылады.
Кеңес төрағасы университет проректоры, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Убайдилла Махамбетұлы Датхаев болып табылады. Диссертациялық кеңестің құрамына уақытша мүшелермен жетекші қазақстандық және шетелдік ғалымдар шақырылды:
– Шұқырбекова Алма Боранбекқызы – фармнауқ докторы, профессор, «Астана медицина университеті» КЕАҚ (Астана қаласы) фармдисциплиналар кафедрасының меңгерушісі;
– Есқалиева Балақыз Қымызғалиқызы – фармацевтика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының доценті (Алматы қ.);
– Шимирова Ж.К. – «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ фармацевтикалық істі ұйымдастыру және басқару кафедрасының фармнаук кандидаты, доцентінің м.а., (Шымкент қ.),
– Мұстафин Р.И. – кандидат фармнаук, доцент, Қазан мемлекеттік медицина университеті Фармация институтының директоры (Қазан қ., РФ);
– Кисличенко В.С. – фармацевтика ғылымының докторы, профессор, Ұлттық фармацевтика университеті (Харьков қаласы, Украина).
Қорғауға ұсынылған диссертациялық жұмыстар қазіргі заманғы зерттеу әдістерін пайдалана отырып, өзекті тақырыптарда орындалды. Докторлық жұмыстарды талқылау сындарлы және іскерлік атмосферада өтті.
Жетекші қазақстандық медициналық ЖОО ғылыми кадрлардың нағыз ұстаханасы болып табылады. Міне, Фармация мектебінің ғылыми кеңесінде диссертацияның сәтті қорғалуы осы фактіні растайды. Ол жоғары деңгейде өтіп, ұсынылған зерттеулердің жоғары кәсібилігі мен терең ғылыми маңыздылығын көрсетті.
С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жанындағы «Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтары бойынша Диссертациялық кеңес көпшілік алдында қорғау, ғылыми пікірталас, жасырын дауыс беру нәтижелері бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы шешім қабылдады.
Әріптестерімізді PhD философия докторы дәрежесін алу үшін докторлық диссертацияларын сәтті қорғауымен құттықтаймыз:
- Әшіров Мұрат Зұлпидинұлы. Жұмыс тақырыбы: «Темекі (Nicotiana tabacum L.) дәндерінен фитосубстанция алу технологиясы және оның негізінде дәрілік қалып жасау» («Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы, ҚазҰМУ, Алматы).
- Мұқанова Арайлым Бейбітқызы. «Бозсары қотырот (Scabiosa ochroleuca L.) шөбінен жаңа фитопрепараттардың фармацевтикалық негіздемесін жасау» (мамандығы «Фармация», ҚазҰМУ, Алматы).