Инженерлік пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Халық қаһарманы – Роза Бағланова!!!»рухани бағыты аясында тәрбиелік жиын өткізілді

Фармация мектебінің студенттерімен дайындалған іс шарада Қазақ өнерінде қайталанбас із қалдырған тарихи тұлға – Роза Бағланованың тамаша әндері орындалып, әр адамның жүрегіндегі патриоттық сезімі мен сүйіспеншілігін арттыруға үлес қосылды. Қазақ халқының әншісі Роза Бағланованың өмірімен, шығармашылықтарымен таныстырып, 1941-1945 жылдар кезіндегі жауынгерлермен бірге қиындықтарды жеңуге, ерлік жасауға ат салысқан, әнімен көңілдерін жұбатқан, қазақтың бұлбұл әншісінің өнерін еске алды.
2022 жылдың алғашқы күнінде аты аңызға айналған қазақ опера және эстрада әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толды.
Роза Бағланованың әні барда, ол ешқашан өлмейді. Өйткені, халықтың сүйікті әншісі миллиондаған қазақстандықтың жүрегінде мәңгіге сақтаулы.