Жақында аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің химия және химиялық технология факультетінің физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университетінің биологиялық химия кафедрасының, Абай атындағы ҚазҰПУ химия кафедрасының, Алматы Технологиялық Университетінің химия, химиялық технология және экология кафедрасы мен ҚазҰУ студенттері қатысқан «League of chemists» атты интеллектуалдық сайысы өтті. 5 турдан тұратын сайысқа құрама тоғыз команда қатысты. Жас инженер-химиктер және болашақ медиктер куратор-эдвайзер А.А.Батырбаева, 6М060600-Химия мамандығындағы магистранттары және ОЗХТ-206 топ студенттері дайындаған интеллектуалды сайыстың бағдарламасынан мүдірмей өтті.
Сайысты аша отырып, физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасының меңгерушісі, профессор Е.А. Аубакиров барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Интеллектуалды сайыс қорытындысы бойынша үздік деп танылған командалар оқытушылар құрамы дайындаған дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Дәстүрге айналған осы сайысқа екінші жыл қатарынан болашақ дәрігерлерді дайындап жүрген биологиялық химия кафедрасының оқытушылары: х.ғ.к., доцент қ.а. Ш.Ж. Айтуғанова («Дәрігер» тобы) және аға оқытушысы Г.А.Қағазбекова («Алау» тобы) жетекшілік жасаған командалары сәйкесінше мадақтама қағаз бен 2-ші жүлделі орынды иеленді.