Инженерлік пәндер кафедрасы

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті 17 ақпан 2022ж. Инженерлік пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен “Фармацевтикалық өндірістің заманауи ақпараттық технологиялары” атты конкурсқа қатысуға шақырамыз!
Байқау факультеттің дарынды студенттерін қолдау және олардың шығармашылық қабілеттерін ашуға жағдай жасау, студенттердің ғылыми-инновациялық қызметке белсенділігін арттыру мақсатында өткізіледі.
Сайысқа қатысушылар: С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінің 3-4 курс студенттері. IT-жобамен командалар (құрамында 5 студентке дейін) қатысуға болады.
Конкурс екі кезеңнен тұрады.
Өтетін орны: С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, 2 –корпус, Инженерлік пәндер кафедрасы 155 каб.

 

7.02.2022ж. 1-кезең өтіледі. Тіркелуі: сағ 9.00. Басталуы сағат 10.00
1-кезең. Фармацевтикалық өндірістің заманауи ақпараттық технологиялары
Фармацевтикалық өндірістің заманауи ақпараттық технологиялары бағытында жасалған жоба өткізіледі, жобаның заманауи талаптарға сәйкес компоненттері мен ресурстары қарастырылады. Критерии талаптары бойынша техникалық байқаудан өткен жоба 2-ші кезеңге ұсынылады.

 

24.02.2022ж. 2-кезең өтіледі. Басталуы сағат 10.00
2-кезең. Фармацевтикалық өндіріс орындарындағы – IT технология
Топ мүшелері Startup үлгісіндегі жобаларын презентация түрінде қорғайды. Жобаның қазіргі таңдағы тиімділігін көрсетеді. Сарапшылардың шешімі бойынша «Үздік Startup жобасы» номинациясы беріледі.

Конкурстың нәтижесі: 24.02.2022ж күні сайыстың жабылу салтанатында жарияланады. Конкурсқа қатысып, жүлделі орын алған студенттер мақтау қағаздарымен, алғыс хаттар және сыйлықтармен марапатталады.
Анықтама үшін: Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер 16 ақпан 2022ж сағат 18.00-ге дейін e-mail: [email protected] тапсырыс беріп, тіркелулеріңізді сұраймыз.

Мекен жайымыз: С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, 2 – корпус, Инженерлік пәндер кафедрасы 155 каб. Байланыс телефондары: 87478194073, 87011872045, 87011350480

 

Тапсырыс беру үлгісі:

Қатысушының аты-жөні, тегі Оқу тобы Элктрондық мекен жайы, телефоны Ескертпе

 

Қатысыңыздар! Жеңіске жетіңіздер! Сәттілік тілейміз!!!