КАФЕДРА ТАРИХЫ

“Фармакогнозия және ботаника” бағыты алғаш рет 1953 жылы ұйымдастырылды. Кафедраның бірінші басшысы-провизор Беликов-Стомич П.И. 1954 жылы кафедра меңгерушісі болып мед.ғ.к., доцент Чудинов В. В. тағайындалды, ол осы лауазымда 19 жыл қызмет етті. Ол фарм.ғ.к., доцент Бошко З.И. дайындады. Бұл кафедрада білікті мамандар жұмыс жасады, соның ішінде – мед.ғ.к., доцент Писарев А.А. Мақсатты аспирантура арқылы оның 3 қызметкері кандидаттық диссертация қорғады: Доброхотова К.В., Мұхаметгалиев А. Г., Мырзағалиев У.М. Доцент А.А. Писарев, К.В. Доброхотовамен бірге ” Целебные растения вокруг нас” кітабын шығарған (1980 ж.) және 50-ден астам ғылыми еңбектері жарық көрген. Одан әрі фарм.ғ.д. Г.К. Никонов жетекшілік етті. Сол кезеңде кафедраның 3 қызметкері кандидаттық диссертация қорғады (Бимурзаев А. А., Синицына В.Г., Баймұхаметов М.А.). Кейін профессор Г.К. Никонов профессор К.У. Ушбаевпен бірлесіп “Қазақстанның дәрілік өсімдіктері” (1994 ж.) кітабын шығарды. 13 жыл ішінде кафедраны жоғары білікті маман ф.ғ. к., доцент А. Г. Мұхаметғалиев басқарды. осы кезеңде қызметкерлермен 50-ден астам ғылыми жұмыстары жарияланды, 2 рационализаторлық куәліктер алынды, келесідей оқу құралдары шығарылды: “Өсімдіктану” (А.Г. Мұхаметғалиев, З.Н. Кабаева) және “Учение о клетках” (А.Г. Мұхаметғалиев, А.К. Лучинина). 1995 жылдан 2001 жылға дейін кафедраны фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор М.Н. Аширматова басқарды. Осы уақыт ішінде 1 фарм.ғ.д. (Б.К. Махатов), 7 фарм.ғ.к. (Л.Е. Тоқешова, А.М. Худайбергенова және т.б.) және 2 мед.ғ.к. (С.Э. Супиева, И.В. Баскакова) дайындалды. Содан кейін фармакогнозия кафедрасы фармацевтикалық химия кафедрасымен біріктірілді, жетекшісі болып профессор А.С. Бейсенбеков тағайындалды. 2008 жылдан бастап фармакогнозия кафедрасын профессор Р.А. Омарова басқарды, содан кейін бағыттар бойынша үш модуль болып қайта құрылды. 2009 жылдың 1 қыркүйегінен бастап “Фармацевт-аналитик” кафедрасын фарм.ғ.д., профессор Э.М. Бисенбаев, “Фармацевт-фармакогност” фарм.ғ.к., профессор Саякова Г.М., “Фармацевт-токсиколог” х.ғ.к., доцент Қожамжарова А.С. басқарды.

С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ректорының бұйрығына сәйкес 12.09.2017 ж. №496 бұрын фармацевтикалық пәндер кафедрасының құрамына кірген, фармацевтикалық химия, фармакогнозия және химия-токсикологиялық пәндер курстары, Химия-фармацевтикалық пәндер кафедрасының құрамына біріктірілді, меңгерушісі болып фарм.ғ.д., доцент А.К. Бошкаева тағайындалды. Кейін 2021 ж. бастап кафедраны PhD, доцент Берилло Д.А. басқарды. Содан кейін кафедра қайта құрылып, фамацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника кафедрасы болып өзгертілді. 2021 жылдан 2023 жылға дейін кафедра меңгерушісі PhD, доцент Жумашова Г.Т. болды. 2023 жылдың наурыз айынан бастап кафедра меңгерушісі х.ғ.к., доцент Ахелова А.Л. болды.

“2024-2025 оқу жылына арналған мектептерге кафедраларды қайта құру және бекіту туралы” 13.08.2024 ж. №542 бұйрығына сәйкес Ботаника курсымен фармакогнозия кафедрасы фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника кафедрасынан бөлініп, жеке кафедра ретінде құрылды. Қазіргі уақытта кафедра меңгерушісі фарм.ғ.к., профессор Саякова Г.М.

Кафедраның ғылыми бағыты: табиғи шикізат негізінде дәрілік заттарды зерттеу және әзірлеу.

Кафедра “Фармация” және “Фармацевтикалық өндіріс технологиясы” мамандықтарының студенттерін, магистранттары мен докторанттарын оқытады. Сонымен қатар кафедрада профессор Саякова Г.М. және PhD Г.Т. Жұмашова жетекшілігімен 5 магистрант және 5 докторант оқиды. Кафедрада 1 фарм.ғ.к., 2 PhD, 5 магистр жұмыс жасайды.