«6B07201 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» бағыты бойынша СҒЗЖ Республикалық кезеңінің қорытындысы

Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша Республикалық конкурсын өткізу және ұйымдастыру туралы Ережеге сәйкес 2025 жылғы 12–20 мамыр аралығында 6B07201 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша Жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсының II кезеңі қашықтық форматта базалық оқу орны Академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университетінде КеАҚ өткізілді.

Студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмысы конкурстық комиссияның қарауына 4 Жоғары оқу орынынан студенттердің 14 ғылыми-зерттеу жұмысы түсті. Комиссия құрамы университет Басқарма Төрағасы – Ректорының 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 630 бұйрығымен 7 адам құрамында бекітілді. Жұмыстарды қарастыру нәтижесінде конкурстық комиссия жеңімпаздарды анықтады.

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ конкурстың II кезеңіне ұсынған студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жүлделі орындарға ие болды:

II дәрежелі диплом

Бахытжан Азамат Олжасұлы – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті

Ғылыми жұмыс тақырыбы: «Эхинацея пурпурная (Echinacea purpurea L.) шөбінен экстракт алу технологиясын әзірлеу және сапасын бақылау»

Ғылыми жетекші – магистр, ассистент Ан Владимир Сергеевич.

 

III дәрежелі диплом

Советбек Индира Жақыпқызы – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті

Ғылыми жұмыс тақырыбы: «Таубас сасыры (Ferula dissecta Ledeb.) шикізатының фармацевтикалық-технологиялық параметрлерін зерттеу»

Ғылыми жетекші – PhD, қауымдастырылған профессор Жұмашова Гүлсім Тоқанқызы.

Осылайша, СҒЗЖ конкурсы студенттердің ғылыми белсенділігінің жоғары деңгейін және фармацевтикалық өндіріс технологиясы саласындағы зерттеулердің маңыздылығын көрсетті.

Советбек ТПФ с МОН
Бахытбек А ТПФ с МОН