Өндірістік тәжірибе аясында өткен дәріс

Фармацевтикалық технология кафедрасында өндірістік тәжірибе аясында 2024 жылдың 16 сәуірінде кафедра профессоры «Дәрілік заттарды әзірлеудегі зерттеу нәтижелерін және есептеулерді математикалық өңдеу» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріске 3 курс «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» және «Фармация» ББ бойынша білім алатын 19-002, 19-001 ,21-017 топтарының студенттері қатысты.

Кизатова М.Ж. техника ғылымдарының докторы, фармацевтикалық технология кафедрасының кафедрасының профессоры

350-ден астам жарияланымның, оның ішінде рейтингі жоғары Scopus, Thomson Reuters журналдарында 28 мақаланың, Қазақстан Республикасының 32 патентінің және Ресей Федерациясының 2 патентінің, 12 монографияның, 6 оқу құралының авторы. Ол өз әзірлемелерін коммерцияландыру және енгізумен айналысады. Оның Хирша -индексі бар: Scopus мәліметтер базасында – 7, Web of Science – 2.

Дәріс барысында профессор келесі сұрақтарды қозғады:

  • Дәрілік заттарды зерттеу және әзірлеу процесі
  • Неліктен математикалық модельдер қолданылады?
  • Дәрілік заттарды тіркеуде фармакометрияны қолдану
  • Фармакокинетикалық модельдер
  • Фармакодинамикалық модельдер
  • Дәрілік заттарды тіркеуде математикалық модельдеуді қолдану

Дәріс жоғары деңгейде өтті. Студенттер сұрақтар қойып, профессор М.Ж.Қизатоваға лекция үшін алғыстарын білдірді.