Фармацевтикалық технология кафедрасының ассистенті Рысбек Ә.Ғ. 2024 жылдың 7 ақпан күні ФӨТ 21-026к тобымен «Лудомания. Азарттық ойындар» тақырыбы бойынша кураторлық сағат өткізді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Соңғы жылдары елімізде құмар ойынға тәуелділік белең алып барады. Кейбір отбасылар үшін бұл үлкен қасіретке айналды. Лудоманияға қарсы күресте тәрбие ісі мен түсіндіру жұмыстарына ерекше мән берілуге тиіс. Барлық қаржы қозғалысын қадағалап, заңға қайшы әрекет анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдау маңызды», – деп атап кетті. Тақырып толығымен қарастырылып, студенттермен ой алмастыру жүргізілді.