С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 7М07201 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттары қазіргі уақытта Индонезия Республикасының Бандунг қаласындағы Institut Teknologi Bandung университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алуда.
Академиялық ұтқырлық кезеңі 2026 жылғы 19 ақпан мен 19 маусым аралығын қамтиды. 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша магистранттар көктемгі семестр пәндерін меңгеріп, сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстары аясында ғылыми тағылымдамадан өтуде.
Бағдарлама кәсіби құзыреттерді дамытуға, халықаралық тәжірибе алмасуға және фармацевтикалық өндіріс технологиясы саласындағы заманауи ғылыми жетістіктерді игеруге бағытталған.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысушы магистранттар:
- Айтбаганбетова Асмира Алтынбековна
- Атуллаева Алия Аскаркызы
- Ауталипова Жансая Ержановна
- Зият Аққу Ибадуллақызы
- Намазов Асылжан Ғалымжанұлы
- Мұқашева Жанбота Жамболатқызы
- Тореболсын Мұратхан Кадырбекұлы
- Брутчик Давид Александрович
- Сериккали Айша Айдынкызы
- Шакен Алуа Бақытқызы
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ халықаралық ынтымақтастықты дамытуды жалғастырып, білім сапасын арттыруға және жоғары білікті мамандар даярлауға жағдай жасауда.
Отчет индонезия