“Дәрілік заттардың рН және тығыздығын анықтау” тақырыбындағы шеберлік сабағы

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника кафедрасында В072 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы білім беру бағдарламасы бойынша 4 курс студенттеріне арналған “Дәрілік препараттарды жобалау және өндіру” диплом алды практикасы шеңберінде 07.03.2024 ж. фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор м.а. Бошкаева Асыл Кеңесовна және PhD докторант, кафедра ассистенті Масакбаев Абай Жолдасович шеберлік сабағын өткізді, тақырыбы: “Дәрілік заттардың рН және тығыздығын анықтау”.

Мастер-класста студенттер рН-метрді калибрлеуді, дәрілік заттардың рН өлшеуді үйренді. Студенттер тығыздықты анықтау әдістерімен таныстық. Студенттерге рН-метрмен және пикнометрмен қалай жұмыс істеу керектігі көрсетілді.