Таблеткалар өндірісі технологиясы бойынша мастер-класс

Өндірістік практика аясында 2024 жылғы 4 желтоқсанда ҚазНМУ-дың 4-курс студенттері үшін «ТФП» мамандығы бойынша таблеткаларды өндіру технологиясы тақырыбында мастер-класс өткізілді. Шара фармацевтикалық технология кафедрасының оқытушысы Әлімова Ұ.С. тарапынан ұйымдастырылды.

Мастер-класс мақсаты:

  • Білім алушыларға қатты дәрілік қалыптар алудың технологиясын түсіндіру
  • Таблеткаларды тікелей престеу әдісімен алу
  • Таблеткалардың МФ 1-томы бойынша сапа көрсеткіштерін анықтау.

Білім алушыларға қатты дәрілік қалыптар алудың ылғалды гранулалау және тікелей престеу әдісімен алудың технологиясы түсіндірілді, тікелей престеу әдісімен таблеткалар алынды. Алынған таблеткалардың МФ 1 томы бойынша сапалық көрсеткіштері анықталды