Халықаралық пәндік олимпиада
«Фармацевтикалық химия» және «Фармакогнозия»
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті Сізді «Фармацевтикалық химия» және «Фармакогнозия» оқу пәндері бойынша Халықаралық пәндік олимпиадаға қатысуға шақырады.
Мақсаты: Студенттер арасында фармацевтикалық білімді дәріптеу, талантты және бәсекеге қабілетті мамандарды анықтау, кәсіби ой-өрісін кеңейту.
Негізгі міндеттер:
- Білім сапасы мен студенттердің ғылыми әлеуетін арттыру;
- ЖОО арасында халықаралық достық байланыс орнату;
- «Фармация» ББ шеңберінде студенттерді кәсіби дағдыларды игеруге ынталандыру;
- ҚР және шет елдік ЖОО-лар арасында әлеуметтік әріптестікті дамыту.
Тілдері: Қазақ, орыс.
Қатысушылар: 3, 4, 5 курс студенттері (5 адамнан тұратын команда).
Қазылар алқасы: PhD, ғылым кандидаты немесе докторы (әр ЖОО-дан 1 өкіл).
ОЛИМПИАДА КЕЗЕҢДЕРІ
- I кезең: Командаларды таныстыру (10 минутқа дейінгі бейнеролик).
- II кезең: Ситуациялық есептерді шешу (әр пәннен 3 тапсырма).
- III кезең: Тестілеу (әр пәннен 80 сұрақ, шекті деңгей – 75%).
- IV кезең: Практикалық дағдылар (зертханалық жұмыс, шекті деңгей – 75%).
Қосымша 1. Команда студенттерінің қатысуына өтінім
| ЖОО Атауы | |
| Факультет (мектеп) атауы | |
| Кафедра атауы | |
| Команда атауы | |
| Қатысушылардың Т.А.Ә. (толық) | |
| Курс / Мамандық | |
| Сертификат үшін ағылшынша Т.А.Ә. | |
| Басшының Т.А.Ә. (дәрежесі, атағы) | |
| Қазылар алқасындағы өкіл | |
| Байланыс деректері (тел, e-mail) |
Қосымша 2. Комиссия мүшелеріне өтінім
| ЖОО / Кафедра атауы | |
| Комиссия мүшесінің Т.А.Ә. | |
| Лауазымы, ғылыми дәрежесі | |
| Байланыс телефоны / E-mail |
Қосымша 3. Дайындық тақырыптары (ТЕСТ)
ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ХИМИЯ (80 сұрақ)
| № | Бөлім / Тақырып атауы | Саны |
|---|---|---|
| 1 | Неорганикалық ДЗ: Менделеев жүйесінің I-VIII топтары | 10 |
| 2 | Алкандардың галоген туындылары; спирттер; альдегидтер | 6 |
| 3 | Көмірқышқылдар, тұздар, эфирлер, алифаттық аминқышқылдар | 6 |
| 4 | Көмірсулар; полиоксикарбон қышқылының туындылары | 5 |
| 5 | Фенолдар; нафтохинондар; тетрациклиндік антибиотиктер | 6 |
| 6 | Ароматты қышқылдар; пара-аминфенол туындылары | 5 |
| 7 | Мета-аминфенол және фенилқышқыл туындылары | 5 |
| 8 | Арилалкиламиндер; бензолсульфоқышқыл туындылары | 5 |
| 9 | Фуран, бензопиран, пирролидин туындылары | 5 |
| 10 | Индол, пиразол, имидазол және триазол туындылары | 5 |
| 11 | Пиридин туындылары | 6 |
| 12 | Тропан туындылары | 6 |
| 13 | Фторхинолиндер; изохинолин туындылары | 5 |
| 14 | Радиофармацевтикалық препараттар | 5 |
| БАРЛЫҒЫ: | 80 | |
ФАРМАКОГНОЗИЯ (80 сұрақ)
| № | Бөлім / Тақырып атауы | Саны |
|---|---|---|
| 1 | Полисахаридтер | 6 |
| 2 | Алкалоидтар | 10 |
| 3 | Жүрек гликозидтері | 6 |
| 4 | Витаминдер | 5 |
| 5 | Флавоноидтар | 6 |
| 6 | Эфир майлары | 5 |
| 7 | Липидтер | 5 |
| 8 | Фенольді қосылыстар | 5 |
| 9 | Кумариндер | 5 |
| 10 | Ащы заттар (иридоидтар) | 5 |
| 11 | Сапониндер | 6 |
| 12 | Антрацен туындылары | 6 |
| 13 | Дубильді заттар | 5 |
| 14 | Жануар тектес шикізат | 5 |
| БАРЛЫҒЫ: | 80 | |
Қосымша 4. Практикалық дағдылар
Фармацевтикалық химия
- Дәріханалық сапаны бақылау;
- Идентификация және сандық талдау;
- Тазалыққа сынау;
- ҚР МФ бойынша стандарттау;
- Титрленген ерітінділерді дайындау.
Фармакогнозия
- Сыртқы белгілері бойынша идентификация;
- ББЗ сапалық реакциялары;
- Шикізат сапасын анықтау;
- Макроскопиялық талдау;
- Микроскопиялық талдау.
Ұйымдастыру комитетінің байланыстары:
Жаңабайқызы Салтанат
📞 +7 705 228 5993
📧 [email protected]
Хамитова Акжонас
📞 +7 702 436 3952
📧 [email protected]
📍 050012, Алматы қ., Бөгенбай батыр к-сі 151, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ