«Семей медицина университеті» КЕАҚ ұйымдастырған м.ғ.к., аға оқытушы Милюшина Ирина Николаевнаның 80 жылдығына арналған халықаралық студенттік ғылыми-морфологиялық конференция.

«С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ 6В10107 — «Жалпы медицина» БББ 3-курс студенттері Мусанова Наргиз және Ұбайдолла Алдияр фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының лекторы Масакбаев Абай Жолдасұлының жетекшілігімен «Семей медицина университеті» КеАҚ ұйымдастырған, медицина ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Милюшина Ирина Николаевнаның 80 жылдығына арналған халықаралық студенттік ғылыми морфологиялық конференцияға қатысты. Конференция 2025 жылдың 4 желтоқсанында университеттің морфологиялық корпусында өтті.

Конференция қорытындысы бойынша студенттер «Морфологиялық құрылымдарды 3D модельдеу» тақырыбындағы баяндамасымен 3-орынды иеленді. Жұмыста анатомиялық объектілерді визуализациялаудың заманауи тәсілдері және олардың білім беру үдерісінде қолданылуы көрсетілді. Конференцияға қатысу және қол жеткізілген нәтиже студенттердің жоғары дайындық деңгейі мен ғылыми әлеуетін дәлелдейді.