Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы білім алушыларының халықаралық деңгейдегі кезекті жетістігін зор мақтанышпен хабарлаймыз. Кафедра студенттері фармацевтикалық химия мен биотехнологияның өзекті мәселелеріне арналған І халықаралық студенттік online-турнир «BIOPHARM QUIZ» байқауында жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Аталған халықаралық зияткерлік байқау Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің В.И. Разумовский атындағы Саратов мемлекеттік медицина университеті (Саратов ГМУ) базасында өтті.
Бұл халықаралық турнир студенттердің кәсіби білімін, логикалық ойлау қабілетін, ғылыми көзқарасын және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға бағытталған маңызды зияткерлік алаң болып табылады. Байқауға әртүрлі жоғары оқу орындарының үздік студенттері қатысып, фармацевтикалық химия мен биотехнология саласындағы теориялық және практикалық сұрақтар бойынша өз білімдерін сынға салды.
Турнир қорытындысы бойынша біздің университеттің студенттері келесі жүлделі орындарға ие болды:
– Дияр Асель, ФА21-004р тобының 5 курс студенті — I орын
Ғылыми жетекшісі: Бошкаева А.К., фарм.ғ.д., қауымдастырылған профессор, фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі.
– Салықбаев Асхат Алматұлы, ФА22-004р тобының 4 курс студенті — I орын
Фармацевтикалық химия пәнінен ғылыми жетекшісі: Бошкаева А.К., фарм.ғ.д., қауымдастырылған профессор, фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі.
Биотехнология пәнінен ғылыми жетекшісі: Джумагазиева А.Б., АО «Қарсы инфекциялық препараттар ғылыми орталығы» микробиология зертханасының меңгерушісі, PhD.
– Абдурахимова Фериде, «Фармация» факультетінің 4 курс студенті — I орын
Ғылыми жетекшісі: Пушкарская Н.С., фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының ассистенті.
– Гимранов Ғабит, ФА21-004р тобының 5 курс студенті — II орын
Ғылыми жетекшілері: Бошкаева А.К., фарм.ғ.д., қауымдастырылған профессор, фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі; Масакбаев А.Д., техн.ғ.м., фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының лекторы.
– Бекназаров Мансур, ФА21-003р тобының 5 курс студенті — III орын
Ғылыми жетекшілері: Бошкаева А.К., фарм.ғ.д., қауымдастырылған профессор, фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі; Масакбаев А.Д., техн.ғ.м., фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының лекторы.
Бұл жетістік студенттеріміздің жоғары кәсіби дайындығын, ғылыми әлеуетін және кафедра оқытушыларының жүйелі әрі нәтижелі еңбегін айқын көрсетеді. Жүлделі орындарға ие болған студенттер мен олардың ғылыми жетекшілерін шын жүректен құттықтай отырып, алдағы оқу-ғылыми қызметтеріне табыс тілейміз.
Халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігіндегі мұндай іс-шаралар студенттердің кәсіби дамуына, ғылыми ой-өрісін кеңейтуге және болашақ маман ретінде қалыптасуына зор мүмкіндік береді.
