С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің №8 аудиториясында 25 ақпан күні өндірістік тәжірибе аясында «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттерімен мотивациялық кездесу өтті.
Кездесудің қонағы – «Келун-Казфарм» ЖШС өкілі, инженер-технолог, PhD Нөкербек Ш., «Келун-Казфарм» ЖШС фармацевтикалық зауыты мысалында инфузиялық ерітінділерді өндіру цехымен таныстыру» тақырыбында баяндама жасады.
Кездесу барысында студенттерге кәсіпорын қызметі, фармацевтикалық зауыттың құрылымы, сондай-ақ инфузиялық ерітінділерді өндірудің технологиялық үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері туралы ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар сапа стандарттарын сақтау, GMP талаптары және заманауи фармацевтикалық өндірістегі практикалық жұмыс аспектілеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара студенттердің үлкен қызығушылығын тудырып, олардың кәсіби мотивациясын арттыруға және кәсіби құзыреттерін кеңейтуге ықпал етті.

