30.05.2016-15.06.2016ж. аралығында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина универститетінің 5В110300- «Фармация» мамандығы бойынша оқытылатын 3 курстың 9 студенті «Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру» өндірістік практиканы академиялық тұғырлық арқылы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ медициналық университетінің
«Фармацевт-менеджер» модулінде оқытушы Ғ.Қ.Адибаеваның жетекшілігімен өтті. Практиканы өту барысында студенттер ЖШС «Inkar» дәріханалық қоймасында, Алматы Қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының дәріханасында, «Фармация XXI века» ЖШС,
ЖК «Адибаева» дәріханасында өтті.Студенттер фармация ғылымының докторы, профессор К.Ү.Үшбаевпен кездесу өткізіп, профессордың қызықты әңгімесінен өз мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыра түсті.