Инженерлік пәндер және тиісті практикалар кафедрасының оқытушылары мен Фармация мектебінің студенттері “Наурызнама-2024” мерекелік онкүндік іш-шараларын өткізуде.
Мақсаты – көне мерекенің бастапқы мәнін қайтарып, оның қыр-сырын толық ашу.
Бұл онкүндік төл мерекемізді тойлаудың жаңа дәстүрлерін қалыптастыруға, ең жақсы адами қасиеттерді – ашықтықты, шынайылықты, жауаптылықты, қайырымдылықты ашуға бағытталған.
Осылайша әр күнге жоспарланған ауқымды шаралар «Наурыз» мерекесін өнегелі бастамалар арқылы жалпыхалықтық мейрамға айналдыруда, халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтуға септігін тигізеді.
Іс-шараның жоспары:
- 14-Наурыз Көрісу күні
- 15-Наурыз Ұлттық киімдер флешмобы
- 14-18 Наурыз Тілге құрмет-Елге құрмет
- 18 Наурыз Бауырсақ күні
- 14-19 Наурыз Жеті атаңды білесің бе? (Студенттерге арналеан сұхбат жүргізу)
- 19 Наурыз Ұлттық спорт күні
- 20 Наурыз Ұлттық билер күні
- 21 Тазалық денсаулық кепілі
- 22 Наурыз “НАУРЫЗ – ЖЫЛ БАСЫ”