Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары

Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысы фармация саласында жоғары кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау және тәрбиелеу сапасын арттырудың маңызды құралдарының бірі болып табылады.

Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту олардың зияткерлік әлеуетін қазіргі ғылымның өзекті мәселелерін шешу үшін пайдалануға мүмкіндік береді.

Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысы оқу процесін жалғастыру және тереңдету болып табылады және тікелей кафедраларда ұйымдастырылады.

Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етуді кафедра профессорлары мен оқытушылары жүзеге асырады. Кафедрада “Зеленая аптека” ғылыми-зерттеу үйірмесі жұмыс істейді, үйірмеде “Фармация” және “Фармацевтикалық өндіріс технологиясы” мамандықтарының студенттері белсенді ғылыми-зерттеу қызметін жүргізеді. Жыл сайын СҒЗЖ ғылыми конференциялары өткізіледі, онда студенттер белсенді қатысады және өз жұмыстарын көрсетеді.

Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі міндеттері:

– ғылыми таным әдістерін меңгеру, оқу материалын тереңдетіп және шығармашылықпен меңгеру;

– ғылыми және техникалық міндеттерді өз бетінше шешу әдістемесі мен құралдарын және ғылыми ұжымдарда жұмыс істеу дағдыларын үйрету; олардың жұмысын ұйымдастыру әдістерімен танысу;

– студенттердің ғылыми нәтижелерді сауатты рәсімдеу және ұсыну қабілетін дамыту;

– болашақ мамандарды университетте алған білімдерін, біліктері мен дағдыларын іс жүзінде іске асыруға дайындау ғылыми ізденіс әдіснамасын меңгеруге, зерттеу тәжірибесін алуға көмектеседі.

Оқудан тыс уақытта орындалатын студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы нысанда ұйымдастырылады:

– әр түрлі деңгейдегі студенттік ғылыми іс-шараларға қатысу (ЖОО, республикалық, халықаралық). Оларға мыналар кіруі мүмкін: ғылыми семинарлар, конференциялар, студенттердің ғылыми және оқу-зерттеу жұмыстарының конкурстары және т. б.;

– студенттік ғылыми қоғамдағы жұмыстар.