Ғылыми-зерттеу жұмыстары профессорлық-оқытушылар құрамының, магистранттар мен студенттердің ғылыми белсенділігінің өсуін, ғылымның біліммен өзара байланысын күшейтуді және ғылымның кадрлық әлеуетін дамытуды қамтамасыз етуден тұрады.
Ғылыми-зерттеу жұмысының бағыттарын таңдаудағы саясат:
- Фармацевтика саласында іргелі және қолданбалы зерттеулерді орындау арқылы ғылыми жұмыстың тиімділігін арттыру;
- оқу және ғылыми процестердің бірлігін нығайту, профессор-оқытушылар құрамының ғылыми зерттеулерге белсенді қатысуы және білім алушыларды ғылыми-зерттеу қызметіне кеңінен тарту;
- оқу процесінде ғылыми қызмет нәтижелерін белсенді пайдалану негізінде профессор-оқытушылар құрамының кәсіби деңгейін тұрақты арттыру;
- халықаралық ғылыми ынтымақтастықты және халықаралық ғылыми ұйымдарға, қорларға, бағдарламалар мен жобаларға қатысуды кеңейту;
- жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық процесін жетілдіру.
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: әрекет ету уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауына «500 ғалым» жобасы озық ғылыми технологияларды Қазақстанға беру жөніндегі бастаманы алға тартқан еді.
Болашақ «500 ғалым» бағдарламасы бойынша Вестминстер университетінде (Ұлыбритания) ғылыми тағылымдамадан кафедра доценті , PhD Сержан Есімбайұлы Момбеков 2023-2024 оқу жылында өтуде. Тағылымдама барысынан С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің, Фармация мектебінің «Инженерлік пәндер және тиісті практикалар» кафедрасының доценті Сержан Есімбайұлы Момбеков өз тәжірибесімен бөлісті:
Мен өзіме «армандар орындалады мақсатың айқын болса» деп айта аламын, 2023 жылдың күзінен бастап мен Вестминстер университетінде (Ұлыбритания) «500 ғалым» тағылымдама Болашақ бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтіп жатырмын. Үлкен конкурстық іріктеуден, тестілеуден, визалық құжаттарды рәсімдеуден өткеннен кейін мен Ұлыбританияның ең үздік университеттерінің бірі – Вестминстер Университетінде білімімді шыңдап және озық технологияларды игеріп жатырмын. Университет аясында профессор оқытушылармен алғашқы кездесу жайында Вестминстер университетінің сайтында жарияланды: Westminster welcomes Bolashak Research Fellows from Kazakhstan | University of Westminster
Университетте инновациялық мамандықтар бойынша қызықты магистрлік және докторлық оқу бағдарламаларын өтудің тамаша мүмкіндігі бар деп айта аламын. Біздің тағылымдама 2 семестрге созылады және біз көптеген қызықты және пайдалы мастер-класстар мен деректерді талдау семинарларынан өттік. Мен және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-гі әріптесім, PhD Қалықова Әсем Серікқызы халықаралық жобаларда жұмыс істейтін профессор доктор Калпана Сурендранаттың жетекшілігімен пластик компоненттерінің уыттылығын зерттеу саласындағы ғылыми жобада жұмыс істеуге мүмкіндігін алдық және зерттеу жұмысымызды жасап келеміз.
Менің ғылыми жетекшім туралы толығырақ төмендегі сілтемеден біле аласыз: https://www.westminster.ac.uk/about-us/our-people/directory/surendranath-kalpana-0
Сондай-ақ Нобель сыйлығын алған CRISPR оқыту технологиясының “Болашақтың гендік редакторлары” оқыту бағдарламасына қатысудың бірегей мүмкіндігі туды. Қазіргі уақытта ғылыми жобаның аяқталуын және биотехнология және геномдық инженерия саласында алынған нәтижелердің жариялануын күтемін.
Тағылымдамадан өтудің үлкен артықшылығы ретінде зерттеуші тобы жиналды. Ұзақ уақыт бойы мен практикалық дағдылармен тәжірибе алмастым, идеялармен бөлістім, тәжірибеде кездесетін күрделі мәселелерді оңтайлы шешу жолын қарастырып келемін.
Оқытушылардың басылымға жоспарлаған жұмыстары