Хабарлама

Фармация мектебінің фармацевтикалық технология кафедрасында 2024 жылдың 04 сәуірінде С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ның шақырылған профессоры мәртебесінде Jurga Bernatonienė-дің оқыту бағдарламасы шеңберінде алғашқы рет электрондық оқу құралдарын және онлайн телетрансляция әдістерін пайдалана отырып «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының 3 курс студенттеріне арналған «Микрокапсулаларды алудың технологиялық аспектілері» тақырыбында оқыту шеберлік сабағын өткізді.
Шеберлік сабағының барысында профессор Jurga Bernatonienė студенттерге онлайн телехабар тарату арқылы микрокапсулаларды өндіру технологиясын көрсетті. Өз кезегінде студенттер микрокапсулаларды өз бетінше әзірлеп, жасау әдістерін меңгерді.