28 мамырда сағат 11.00-де Фармация мектебі серіктестері: Алматы және Қазақстан Республикасының медициналық колледждерімен «Фармация» мамандығына қабылдау мәселесі бойынша кезекті онлайн кездесу өткізеді. Аталған іс-шараға қатысушылар: колледж оқытушылары, талапкерлер және олардың ата-аналары осы білім беру бағдарламасының авторлары – профессорлық-педагогикалық ұжымға сұрақтар қойып, оқуға түсу бойынша жауаптар мен ұсыныстар ала алады.
Хабарландыру
