ХАБАРЛАНДЫРУ!

2026 жылғы 3 наурызда сағат 15:00-де Фармация мектебінде «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК: МИФТЕР МЕН ШЫНДЫҚ» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Іс-шара гендерлік саясат, әлеуметтік теңдік қағидаларын және Тұрақты даму мақсаттарының (ТМҚ5) жүзеге асырылуы аясында өткізіледі және «Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламаларының студенттерінде XXI ғасырдағы гендерлік теңдіктің заманауи үрдістерін толық түсінуін қалыптастыруға бағытталған.

Дискуссия барысында келесі мәселелер талқыланады:
• денсаулық сақтау және фармация саласындағы мемлекеттік гендерлік саясатты жүзеге асыру;
• бизнесте гендерлік теңдік пен инклюзия;
• ғылымдағы әйелдердің рөлі және қазіргі заманғы көшбасшылық үлгілері;
• фармацевтикалық өндірістегі гендерлік саясат ерекшеліктері;
• Фармация мектебіндегі білім беру процесінде гендерлік теңдікті бағалау.

Дөңгелек үстел жұмысына Фармация мектебінің студенттері, профессорлық-оқытушылық құрам, сондай-ақ фармацевтикалық саланың өкілдері қатысады.

Профессорлық-оқытушылық құрам мен білім алушыларды іс-шараға қатысуға шақырамыз!

Өткізу орны: Алматы қ., Төле би к-сі, 94, INTRO II, 2-қабат, 224 кабинет