Хабарландыру- Startify AI

Хабарландыру

Мемлекет басшысының жасанды интеллектті дамыту, жастар кәсіпкерлігін қолдау және технологиялық кадрлық резервті қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында студенттер мен жас мамандарға арналған тегін цифрлық құрал — Startify AI (AI-инкубатор) іске қосылды.

Startify AI технология және кәсіпкерлік саласындағы стартап-жобаларды бастапқы кезеңде дайындауға мүмкіндік береді. Платформа онлайн форматта келесі мүмкіндіктерді ұсынады:

  • студенттік жобалар идеяларын құрылымдау;
  • MVP (ең төменгі өміршең өнім) және даму жол картасын қалыптастыру;
  • гипотезаларды бастапқы валидациядан өткізу;
  • жобаларды акселерациялық, гранттық және инвестициялық бағдарламаларға дайындау.

Аталған құралды пайдалану Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында белгіленген стратегиялық басымдықтарға толық сәйкес келеді.

Осыған байланысты студенттерді Startify AI платформасын белсенді пайдалануға шақырамыз. Бұл құралды кәсіпкерлік пәндер, жобалық қызмет, стартап-клубтар және инновациялық бағдарламалар аясында қолдануға болады.

Startify AI студенттік жобаларды дайындаудың бірыңғай стандартын қалыптастыруға және олардың қалалық, республикалық және халықаралық қолдау бағдарламаларына қатысуға дайындығын арттыруға мүмкіндік береді.

🔗 Қолжетімділік сілтемесі:
https://chatgpt.com/g/g-68934ef426f08191b7c1a476771c5daf-startify-ai

ℹ Қосымша ақпарат:
https://t.me/+chZCVWcf0iIyYWZi

📞 Жауапты тұлға, жоба жетекшісі: Күзембаев Мақсат
Байланыс телефоны: +7 707 851 66 56