С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ №4 ЖАТАҚХАНАСЫНДА КІТАПХАНА АШЫЛУЫ

Университет басшылығы студенттердің жатақханадағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын және жайлы тұруын жақсартуға үлкен көңіл бөледі. Студенттердің жатақханада бос уақытын өткізуге, мәдени-ағарту шараларын өткізуге жағдай жасау өте маңызды. Декан З.Б. Сакипованың бастамасымен, Фармация мектебінің кафедраларының жас оқытушылары 11 сәуірде С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің №4 жатақханасында кітапхана ашылды. Қазіргі уақытта кітапхана қорында KazNMUBooks челленджінің аясында, жиналған қазақ және орыс тілдеріндегі 1000-нан астам кітап бар. Жатақханада студенттер үшін көркем әдебиетті, ғылыми-танымдық, танымдық әдебиеттерді оқып, білім алушылар достарымен талқылауға болатын шағын оқу залы болғаны өте ыңғайлы. Енді студенттеріміз кітап алмасып, кітапхана қорын толықтыра алады.