Студенттер арасында аддиктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында Фармация мектебінің фармацевтикалық технология кафедрасының ТФП 25-005 және ТФП 25-006 кураторлық топтарында «Лудомания — қазіргі қоғам дерті» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді (2026 жылғы 24 қаңтар).
Кездесу барысында студенттерге ойын тәуелділігінің мәні мен белгілері, оның пайда болу себептері және психикалық денсаулыққа, оқу үдерісіне, әлеуметтік өмірге тигізетін кері әсері түсіндірілді. Алдын алу шаралары: өзін-өзі бақылау, уақытты тиімді пайдалану және қажет болған жағдайда мамандарға жүгіну мәселелері талқыланды.
Тәрбие сағатын фармацевтикалық технология кафедрасының оқытушысы Шуленова Г.К. өткізді.



