6В07201 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері, сондай-ақ В085 – «Фармация» білім беру бағдарламасының 4-курс және жеделдетілген оқу түріндегі 1–3 курс студенттері үшін дипломалды және өндірістік тәжірибе аясында 2025 жылғы 30 қазанда «Дәріхана желілері бағыты бойынша фармацевтикалық компанияны дамыту стратегиясы» тақырыбында мастер-класс өткізілді.
Мастер-класс спикері Манасов Нурлен Қыдырбайұлы, PhD, Key Account Manager, студенттермен фармацевтикалық компаниялардың стратегиялық дамуы, дәріхана желілерімен өзара іс-қимылдың ерекшеліктері және Қазақстандағы фармацевтикалық нарықтың заманауи үрдістері туралы тәжірибесі мен білімін бөлісті.
Іс-шара барысында қатысушылар тиімді бизнес-стратегияларды құру бойынша пайдалы практикалық кеңестер алды, табысты кейстердің мысалдарымен танысты және сарапшыға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Осындай іс-шараларды өткізу студенттердің теориялық даярлығы мен болашақ кәсіби қызметінің практикалық аспектілері арасындағы байланысты нығайтып, олардың құзыреттерін арттыруға және фармацевтикалық салада жұмыс істеуге даярлығын күшейтуге ықпал етеді.
