«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» және «Фармация» білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған мотивациялық кездесу туралы есеп

2025 жылғы 3 қарашада 6В07201 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері, сондай-ақ В085 – «Фармация» білім беру бағдарламасының 4-курс және жеделдетілген оқу формасының 1-3 курс студенттері үшін дипломалды және өндірістік тәжірибе аясында «Медициналық бизнестегі стратегиялық менеджмент» тақырыбында мастер-класс өткізілді.
Шақырылған спикер – бизнес-әкімшілендіру саласында PhD дәрежесінің иегері, медицина, білім беру және халықаралық сауда салаларында табысты жобаларды жүзеге асыруда көпжылдық тәжірибесі бар кәсіпкер және инвестор Абдулла Рапиев. Спикер Қазақстанда және шетелде МРТ және КТ диагностикалық орталықтар желісі, регенеративті медицина клиникалары, білім беру жобалары және әлеуметтік-бағытталған бизнес бастамаларының негізін қалаушы және тең иесі болып табылады.
Кездесу барысында спикер медициналық саладағы стратегиялық басқарудың тәжірибелік қырларымен бөлісті: бизнес-модель құру, инновациялық технологияларды енгізу, қаржылық және операциялық үдерістерді басқару, команда құру және клиентке бағдарланған корпоративтік мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік этикасы, медициналық ұйымдардың тұрақты дамуы және қазіргі білім экономикасындағы фармацевтикалық және медициналық мамандардың рөліне ерекше көңіл бөлінді.
Студенттер спикердің кәсіби жолына негізделген шынайы тәжірибелік кейстерді талдауға, өзекті сұрақтар қоюға және медициналық кәсіпкерліктің заманауи трендтерімен танысуға мүмкіндік алды. Мұндай кездесулер болашақ фармацевттер мен фармацевтикалық өндіріс саласының мамандарында практикалық дағдыларды және кәсіпкерлік ойлауды қалыптастыруға ықпал етеді.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттерге зор мотивация берді және олардың кәсіби дамуға деген қызығушылығын арттырды.