1951 жылдан 1955 жылдары аралығында дәрілік қалыптар технологиясы курсы фармацевтикалық химия кафедрасының құрамында болды. 1955 жылы дәрілер технологиясы курсы 5 қызметкерден құралған жеке кафедра болып жекеленді және оның бірінші меңгерушісі профессор Н.С. Дубинин тағайындалды. Ол кафедраны 1955 жылдан 1987 жылға дейін басқарған. Студенттер санының көбеюімен қатар кафедра құрамы да арта бастады, Сол кездері кафедрада доценттер Поляков А.Ф. және Л.Т. Сдобникова. Воровский В.В., ассистенттер Никишенко Т.К., Петров И.Н., Петрова В.П. және т.б.жұмыс істеді.
1987-1999 жылдар аралығында кафедраны профессор Дильбарханов Р. Д басқарған, кейіннен 2000 ж. студенттер санының азаюына байланысты бұл курсты «фармацияны ұйымдастыру мен экономика» кафедрасына біріктірді. Біріккен ұйым басшылығын кафедра меңгерушісі профессор Дильбарханов Р. Д. басқарды.
2002 жылдан бастап біріккен ОЭФ және дәрілер технология кафедрасын фармацевтика ғылымдарының кандидаты, доцент У. М. Датхаев, ал 2007-2011 жж. — фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Байзолданов Т.Б. басқарды.
2011 жылы кредиттік технологиясына сәйкес «Фармацевт-технолог» атты модуль құрылды және кафедраны фармацевтика ғылымдарының докторы, доцент Сакипова З.Б. басқарды.
2016 жылғы қыркүйекте “Фармацевт-технолог” модулі қайта жасақталып «Дәрілер технологиясы және инженерлік пәндер» атаулы кафедраға ауыстырылды. Кафедра меңгерушісі болып химия ғылымдарының докторы, профессор Р. А. Омарова тағайындалды.
2017 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедраны фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Устенова Г. О. басқарады.
2019 жылдың тамыз айынан бастап «Инженерлік пәндер» кафедрасы жеке құрылып, кафедраның меңгерушісі болып фармацевтика ғылымдарының кандидаты, доцент Қожанова Қалданай Қаржауовна тағайындалды.
2022 жылдың тамызында білім беру процесін қамтамасыз ету және құрылымдық бөлімшелерді жаңарту мақсатында, сондай-ақ ҚазҰМУ Сенатының шешімі негізінде кафедра “Инженерлік пәндер және тиісті тәжірибелер” болып өзгертілді.