Халықаралық олимпиададағы жеңісімен құттықтаймыз!

Университетіміздің «Фармация» мамандығының 4-курс студенті Ерген Арайлымның ZARMED University ұйымдастырған “Фармакология” бағыты бойынша Халықаралық медициналық ғылымдар олимпиадасында 1-орын иеленгенін зор мақтанышпен хабарлаймыз.

Арайлым Ергенді олимпиадаға Дарапов Шыңғыс Сабыржанұлы – фармацияны ұйымдастыру, басқару және экономикасы мен клиникалық фармация кафедрасының ассистенті – дайындаған болатын. Жоғары деңгейдегі теориялық және практикалық дайындық, сондай-ақ ғылыми жетекшінің бағыттауымен жүргізілген мақсатты жұмыс студентімізге халықаралық ғылыми аренадан лайықты орын алуға мүмкіндік берді.

Бұл жетістік университетіміздегі білім сапасының жоғары екенін дәлелдейді және білім алушыларды оқу мен ғылыми қызметте жаңа жетістіктерге жетелейтіні сөзсіз.

Ерген Арайлым мен Дарапов Шыңғыс Сабыржанұлын осы тамаша нәтижемен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!