Кафедраның доценті Алимова У.С. және фармацевтикалық технология кафедрасының ассистенті Шуленова Г.К. 2024 жылдың 4 сәуірінде «Жанұя» балалар үйіне және мамандандырылған мектеп-интернатына барып қайтты. Аталған мекемеге басқарма тарапынан осындай сапарлар бірнеше рет жасалған.
Бұл үйде 5 пен 18 жас аралығындағы психикалық денсаулығында әртүрлі проблемалары бар 81 бала тұрады.
Қасиетті Рамазан айында балалар үйінің тәрбиеленушілерімен тамаша кездесу өтті! Бұл мекеменің тәрбиеленушілері қуаныш, мейірімділік пен сүйіспеншілікті білдіретін мерекелік қойылым көрсетті.
Бұл шараның ұйымдастырушысы фармацевтикалық технология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы. Осы шараны ұйымдастырғаны үшін алғысымызды білдіреміз!