14-26 сәуір аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің В085 — «Фармация» білім беру бағдарламасының 3-курсынан 17 студент Ташкент фармацевтика институтында танысу тәжірибесінен өтті.
Тәжірибе барысында дәрілік қалып технологиясы және өндірістік технология, сондай-ақ фармацевтикалық химия кафедраларына экскурсия ұйымдастырылды.
Дәрілік қалып технологиясы кафедрасында студенттер түрлі дәрілік формаларды — таблеткалар, капсулалар, жақпа майлар, суппозиторийлер және ерітінділер алу процестерімен танысқан мамандандырылған зертханаларды аралады. Технологиялық процесстің кезеңдеріне, санитарлық-гигиеналық талаптарға және экстемпоральды дәрілерді өндіруге арналған жабдықты қолдануға ерекше көңіл бөлінді.
Фармацевтикалық химия кафедрасында студенттер дәрілік заттарды сапалық және сандық талдау әдістерімен, Мемлекеттік фармакопеямен жұмыс істеу тәртібімен, сондай-ақ қазіргі заманғы аналитикалық құралдармен: спектрофотометрлермен, потенциометрлермен және титраторлармен танысты.
Бұл тәжірибе болашақ фармацевттердің кәсіби дайындығы үшін маңызды кезең болды, студенттерге теориялық білім мен оны нақты өндірістік жағдайларда қолдану арасындағы байланысты іс жүзінде көруге мүмкіндік берді.