Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы студенттерінің С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде тәжірибеден өтуі

14–25 сәуір аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша 5 курс 10 студент С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Фармация мектебінің фармацевтикалық технология кафедрасында өндірістік тәжірибеден өтті.

Тәжірибе барысында студенттер еліміздің алдыңғы қатарлы фармацевтикалық кәсіпорындарына барып, заманауи дәрілік заттарды өндіру технологияларымен танысты. Атап айтқанда, олар «Dolce» ЖШС, «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорны ЖШС, «Ұлттық дәрілік заттарды сараптау орталығы» АҚ, «Қызылмай» фирмасы және «Келун-Казфарм» ЖШС сияқты өндіріс орындарында болды. Бұл мекемелерде студенттер дәрілік заттарды жобалау, өндіру және сапасын бақылау үдерістерінің толық циклін, сондай-ақ өндірістік желілердің жұмыс ерекшеліктерін көріп, тәжірибе жинақтады.

Аталған тәжірибе студенттерге келесі мүмкіндіктер берді:
• оқу барысында алынған теориялық білімді практика жүзінде бекітуге;
• фармацевтикалық өндірістегі өндірістік үдерісті ұйымдастыру және сапа менеджменті жүйесімен танысуға;
• кәсіби біліктілігін артырып, фармация саласындағы болашақ дамуына деген ынталарын арттыруға;
• фармацевтикалық кәсіпорын өкілдерімен байланыс орнатып, құнды тәжірибе алуға.

Қазақстанның жетекші медициналық университетінің базасында тәжірибеден өту және фармацевтикалық саланың алдыңғы қатарлы кәсіпорындарын аралау болашақ провизорлардың кәсіби даярлығындағы маңызды кезең болып табылады. Бұл тәжірибе олардың практикалық дағдыларын қалыптастыруға және заманауи фармацевтикалық өндірістің талаптарын түсінуге айтарлықтай үлес қосты.