ҚазҰМУ-дың фармацияны ұйымдастыру, басқару және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының оқытушылары — PhD, қауымдастырылған профессор Тлеубаева Меруерт Ильясовна және PhD, лектор Муканова Арайлым Бейбитқызы 2025 жылғы 16 мамырда Қырғыз Республикасының Жалал-Абад қаласында өткен VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік “ОАХМУ – ҒЫЛЫМҒА БАСТАР ЖОЛ” атты конференцияға қатысты. Конференция Бүкіләлемдік отбасылық дәрігерлер күніне орай және Орталық Азия Халықаралық медициналық университетінің Құрметті профессоры, фармацевтика ғылымдарының докторы, «Карағанды медицина университеті» КЕАҚ Фармация мектебінің профессоры Раиса Мұсылманбековна Абдуллабекованың 70 жылдық мерейтойына арналды.